Көрші елде бұрынғы президент барлық атақ-даңқынан айырылды

29.12.2028 10:10 Арман Ермеков Арман Ермеков
Көрші елде бұрынғы президент барлық атақ-даңқынан айырылды
0
302
Фото: Ақорда

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы арнайы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл шешім Бішкек қаласының Бірінші май аудандық сотының 2025 жылғы 3 маусымда шығарған үкімін орындау мақсатында қабылданды. Мемлекет басшысы өз Жарлығында Конституцияның 71-бабы мен «Мемлекеттік марапаттар туралы» заңның талаптарын негізге алған.

Қол қойылған құжатқа сәйкес ендігі жерде Атамбаев:

  • «Қырғыз Республикасының Батыры» жоғары ерекшелік дәрежесінен;
  • II дәрежелі «Манас» ордендерінен;
  • «Данакер» ордендерінен;
  •  сондай-ақ «Даңқ» медалінен қағылды.

Сонымен қатар оны осы наградаларға ұсыну туралы 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдары шыққан тиісті жарлықтардың күші жойылды. Енді Бас прокуратура жанындағы сот орындаушылар қызметі аталған орден-медальдар мен олардың құжаттарын тәркілеп мемлекеттік қорға қайтару шараларын қабылдауы тиіс.

Еске салайық осы жылдың маусым айында сот Қой-Таш(Атамбаевты құрықтау кезіндегі қарулы қақтығыс - ред.) оқиғасы бойынша Алмазбек Атамбаев пен іске қатысты өзге де тұлғаларға сырттай үкім шығарған еді. Сот шешімімен бұрынғы президент кінәлі деп танылып оның мүлкі тәркілене отырып 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Сол үкімде оны мемлекеттік марапаттардан айыру туралы шешім де қамтылған.

Тарихқа көз жүгіртсек бұған дейін бұрынғы президентке қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып кейін олардың бірқатары бойынша ақтау үкімі шыққан еді. 2023 жылдың ақпанында ол түрмеден босатылып денсаулығын түзеу үшін шетелге шығуға рұқсат алған. Сол тұста Атамбаев Испанияға барып емделетінін және кейін елге қайта оралатынын айтқан көрінеді. Алайда 2024 жылдың қарашасында әлеуметтік желілерде Испанияда түсірілген болуы мүмкін делінген бейнежазба тарап онда жергілікті тұрғындар Қырғызстанның бұрынғы басшысын байқап қалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий