Ұлттық Банк коллекциялық Ai Kun және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағын сатуға шығарды

Ұлттық Банк коллекциялық Ai Kun және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағын сатуға шығарды
Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы 14 наурыздан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Сиқырлы нышандар» сериясынан коллекциялық AI•KÚN және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағы сатуға шығарылатынын хабарлайды. AI•KÚN коллекциялық монеталары күмістен дайындалған. Металл сынамасы – 925/1000. Монеталардың өзі жоғары бедерлі, алтын жалату және екі жақты тотығу технологиялары қолданылған. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – black proof, номиналы – 500 теңгелік. Таралымы – 3 000 (үш мың) дана. «Қар барысы» кәдесыйлық блистер жинағы ұлттық валюта – теңгенің айналыстағы монеталарының номиналды қатарынан тұрады. Таралымы – 30 000 дана  
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу