Мал шаруашылығын дамытпаған кәсіпкерлерден жер қайтарып алынады
Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов тартылған инвестицияларға қарамастан мал шаруашылығы едәуір артта қалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
«Кейбір ірі жер иеленушілер маусымдық кезеңде ғана жұмыс істеп, қалған уақытта ауылда жұмыссыздық белең алады. Сондықтан 10 мың гектардан астам жерді пайдаланып отырған кәсіпкерлерге міндетті түрде мал шаруашылығын жүргізу талаптары қойылды. Орындамаған жағдайда, тиісті шаралар қабылданады, оның ішінде жерді қайтарып алу тетіктері де бар», - деді Бектенов.
Оның айтуынша, мал шаруашылығын дамыту бойынша кешенді жоспарда асыл тұқымды мал басын сатып алуға жеңілдетілген несие беру, малшылардың балаларына білім гранттарын ұсыну, жасанды ұрықтандырудың заманауи технологияларын енгізу және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шаралары көзделген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады