Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова хитке айналған «Ғашықтар жыры» әнінің шығу тарихын айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Әнін Кеңес Дүйсекеев ағамыз жазған. Сөзін Шөмішбай Сариев ағамыз жазған. “Ғашықтар жыры” әні еді. 1983 жылы алғаш рет орындалды. Ағалар Сембек екеумізге арнап жазды. Осы күнге дейін хит болып тұр. Біз салған әнді жастар да орындап жатса, тек қуанамыз. Бүгін ғашықтар күні екен. Махаббаттарыңыз баянды болсын! деп жазды әнші.
Желі қолданушылары осы әнмен мәдениет қайраткері Сембек Жұмағалиевпен бірге тойға шығуға қатысты ұсыныстарын айтып жатыр.
Сембек екеуміз кештерде ғана айтып жүрміз. Ол кісі аға жасына жетті. Тойға менімен шыға алмайды. Әйелі бар. Астанада ұстаздық қызмет істеп жүр. Мен 62 жаста болсам да, әлі 18 жастағы қыздаймын, деді халық әртісі.
Соңғы жаңалықтар





