Мақпал Жүнісова жалғыз қызына деген сағынышын жеткізді

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жалғыз қызы Мерей туралы жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әнші қызының өзіне тірек, сырлас дос екенін ерекше ықыласпен сипаттады.
«Қызымның айтқанын тыңдаймын. Сәл сырқаттанып қалсам, жаны шығып кете жаздайды. “Мама, сен ауырмашы, сен әлі керексің” дейді. Сырымды да, мұңымды да Мерейге айтып отырамын. Ол тек балам емес, досым сияқты», – деді Мақпал Жүнісова.
Ол қызының өмірлік шешімдеріне де араласып, ақыл қосатынын жасырмады. Сондай-ақ, әнші жалғыздықтың кей сәттерде жанын ауыртатынын айтып, марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовті жиі еске алатынын жеткізді.
«Ондайда халықтың өзі басу айтады. “Сіз жалғыз емессіз, біз бармыз” дейді. Халықтан артық бағалаушы жоқ. Сахнада өзімді бақытты сезінетінім рас», – деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар





