Мәскеу Қазақстан мен көрші елдерге ықпалын арттырмақ: жаңа басқарма құрылуы мүмкін

Ресейдің «Ведомости» басылымының жазуынша, Ресей Федерациясы Президентінің Әкімшілігінде жаңа басқарма құрылуы ықтимал. Бұл жаңа құрылым жақын шетелдермен жұмыс істеуге және Жаһандық Оңтүстіктің кейбір елдерімен өзара іс-қимылдың жекелеген аспектілеріне жауапты болмақ.
Басылым дереккөздеріне сүйенсек, жаңа басқармаға Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко жетекшілік етуі мүмкін. Айта кетейік, Кириенко бұл қызметті 2016 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді, оған дейін 11 жыл бойы «Росатом» мемлекеттік корпорациясын басқарған.
Мақалада сарапшылар Президент Әкімшілігі құрылымындағы мұндай өзгеріс сыртқы саяси бағыттағы жұмысты жандандыру және тұтас, үйлесімді саясат құру қажеттілігінен туындауы мүмкін екенін атап өтеді.
Қазіргі уақытта Сергей Кириенко ішкі саясат, әлеуметтік процестерді талдау, қоғамдық жобалар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, сондай-ақ ТМД-ның кейбір елдерімен қарым-қатынас бағыттарына жетекшілік етеді. Жаңа басқарма оның жауапкершілік аймағын айтарлықтай кеңейтуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





