Мәйітханаға жеткізілген ер адамның "тіріліп кетті"

Мәйітханаға жеткізілген ер адамның
Фото: report.az

Әзербайжандағы Джалилабад ауданы Тахирлы ауылының 1991 жылы туған тұрғыны Хаял Гулиевтің жансыз денесі өз үйінен табылған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Report.az сайтына сілтеме жасап.

Ер адам өлді деп танылып, сот-медицина сараптамасы және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөліміне жеткізіледі. Алайда мекемеде оның өлмегені, коматозды күйде жатқаны белгілі болды.

Ер адам бірден Жалилабад аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу