"Медеу" мұз айдыны 3 жылға жаңарту жұмыстарына жабылады
"Медеу" мұз айдыны 2025 жылы жаңғыртыла бастайды
Алматыдағы әйгілі "Медеу" мұз айдыны 2025-2027 жылдары толық реконструкциядан өтеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың сұрауына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жаңғырту жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Үш жылға жоспарланған қайта құру барысында мұз аренасының техникалық сипаттамалары жақсартылады. Бектеновтың айтуынша, бұл жаңарту "Медеуді" Халықаралық конькишілер одағының (ISU) талаптарына сай етіп, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Алматы әкімдігі "Медеудің" функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жаңғырту аясында хоккей, мұз үстіндегі спидвей, сондай-ақ түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар, мұз шоулары мен көрсетілімдер өткізуге жағдай жасалмақ.
Бұған дейін Алматы әкімдігі 2023 жылы мұз айдынының техникалық жағдайына аудит жүргізіп, оның қанағаттанарлық деңгейде екенін хабарлаған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...