Мексика президенті Оңтүстік Корея басшысынан BTS тобының концертін көбейтуді сұрады

27.01.2026 15:42 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Мексика президенті Оңтүстік Корея басшысынан BTS тобының концертін көбейтуді сұрады
82
Фото: Shutterstock

Мексика президенті BTS концертін көбейту үшін Корея басшысына хат жазды, деп хабарлайды Reuters.com.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнге BTS тобының елдегі концерттерін көбейтуге ықпал ету туралы ресми өтініш жолдады.

Мексика президенті дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында дипломатиялық хат жібергенін растады. Оның айтуынша, K-pop тобына деген сұраныс ұсыныстан әлдеқайда асып түскен.

"Барлығы барғысы келеді. Билет алғысы келетін жастардың саны 1 миллионға жуықтайды, ал сатылымда бар болғаны 150 мың билет бар", — деді Клаудия Шейнбаум.

Танымал топ 2022 жылы мүшелерінің әскери борышын өтеуіне байланысты үзіліс алған болатын. Енді олар наурыз айында "Arirang" атты жаңа альбом шығарып, сәуірде әлемдік турнеге аттанады. Гастроль 9 сәуірде Оңтүстік Кореяның Коян қаласында басталады. Ал Мексикада 7-10 мамыр аралығында Мехикодағы GNP Seguros стадионында небәрі үш концерт жоспарланған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий