Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Сондай-ақ сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізу жоспарланған.
Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды.
Болжам бойынша аймақтағы агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан астам дәнді, 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинамақ. Бүгінге дейін 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен 1 гектар алқаптан 15,4 центнер өнім алынған. Жиналған өнімнің сапасы жоғары.
Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті.
Соңғы жаңалықтар





