Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды
Ақорда
Тоқаев жоғары әскери атақтар берді

Президент жарлығымен вице-адмирал және бірнеше генералдар тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

вице-адмирал әскери атағы:

Борамбаев Серік Жақсығалиұлына;

генерал-майор әскери атағы:

Довганюк Анатолий Андреевичке,

Исабеков Алмас Тынышбекұлына,

Камалов Рамиль Фаткуловичке,

Манап Дәурен Мұхтарханұлына,

Маралов Жеңіс Мұхамедқалиұлына;

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:

Бартенев Денис Валерьевичке,

Құсайынов Нұржан Маратұлына,

Сауранбаев Саят Әбуғалиұлына,

Тоқтамысов Асхат Байбатырұлына,

Ыбыраев Рустам Жиянұлына;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:

Төреханов Роман Алмаханұлына;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы:

Мақажанов Ернар Әбсейітұлына,

Рахымов Арман Тастемірұлына;

экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:

Абдыханов Қуат Аманбекұлына,

Югай Андрей Анатольевичке;

полиция генерал-майоры арнаулы атағы:

Аяғанов Сағындық Күзембайұлына,

Әленов Бауыржан Төлегенұлына,

Әлиев Қайыркен Жетпісбайұлына,

Құсайынов Сарқытбай Зәкірұлына,

Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлына;

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

Ақылбеков Дәулет Ертайұлына,

Басшыбаев Мадияр Бекенұлына,

Кәріпбеков Серік Ақмырзаұлына,

Садырбеков Ғабит Амангелдіұлына берілсін.

 

Қазақстан Республикасының

        Президенті                                                                    Қ.Тоқаев

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу