"Мені онша жақтырмайтын": блогер Мереке Қалбаева енесіне пәтер сыйлады
Отандық танымал блогер әрі әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне тосынсый жасап, Астанадан пәтер сыйлады. Желі жұлдызы енесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты.
Мереке Қалбаева енесіне баспана сыйлап жатқан видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялап, оқырмандарына көрсетті.
Бейнежазбада блогер күйеуі екеуі анасын жаңа үйіне көзін жауып алып келгенін көруге болады. Желі жұлдызының енесі мұндай сыйлыққа қатты таңғалып, көз жасына ерік берген. Ол балаларына алғысын айтып, келінін жер-көкке сыйғызбай мақтабы.
"Аналар бар жақсыға лайықты. Үйіңіз құтты болсын, асыл енешім. Мамам үйге келгенде құт-береке орнайды ғой, үйдің аурасы өзгеріп күштіі болып кетеді. Енді Ару апасымен күндіз-түні бірге. Қуана білгенге құт қонады. Жұғысты болсын. Енемізбен көрші боламыз", - деп жазды Мереке Қалбаева. "Басында жасы үлкен деп бәрі қарсы болған. Енді менің келінім бәрін басып озды. Осындай келін барлықтарыңызға жұғысты болсын", - деді енесі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
17:09
«Тісін сындырып, шашын қиған»: Ақтауда күйеуіне...
21.10.2026
17:07
Зеленский соғысты тоқтату үшін жерінен бас тарт...
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...