«Миссия орындалды!»: Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады
Дариға Бадықованың продюсерлігімен түсірілген «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиард теңге касса жинады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
«Ыстық ұямыз» миллиард жинады. “Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”….көөөп шынайы неше түрлі хаттар толастамай күнде келді.
Ыстық ұя – жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», – деп жазды актриса.
"Ыстық ұя" кинотуындының режиссері – Дархан Кәріпов. Басты рөлдерде: Дариға Бадықова, Олжас Абай, Шамшагүл Меңдиярова, Ержан Түсіпов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы да 1 миллиард теңге касса жинаған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
17:09
«Тісін сындырып, шашын қиған»: Ақтауда күйеуіне...
21.10.2026
17:07
Зеленский соғысты тоқтату үшін жерінен бас тарт...
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...