Мөлдір Мұқанова: Қыздар, дауыс көтеру – зорлықтың бастамасы

Мөлдір Мұқанова: Қыздар, дауыс көтеру – зорлықтың бастамасы
07.08.2025 18:17
0
88
Коллаж: sn.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, тағы да ел назарын өзіне аударды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол жариялаған видео мен жазбада әйелдерге қолдау болатын, мотивация болатын ой салған.

“Сен менсіз ешкім емессің” дедің)
Сол сәтте мен үнсіз қалдым.

Бір кезде сені сүйгенмін.
Сөзіңе сенгем.
Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағам.
Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді.

Қыздар, егер біреу сізге дауыс көтерсе — бұл зорлықтың бастамасы.
Егер біреу сені итерсе, шапалақпен ұрса — бұл зорлықтың жалғасы.
Егер біреу саған “Сен менсіз ешкім емессің” десе — бұл психологиялық қысым!

Есіңде болсын:
Сенің өміріңде ешкімнің дауыс көтеруге, қол көтеруге, қадіріңді таптауға құқығы жоқ.

Сен – құндысың.
Сен – нәзік, бірақ мықтысың.
Сен – тыныш, қауіпсіз өмірге лайықсың", деп жазды Мөлдір Мұқанова.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий