Мораторий аяқталды: Бензин бағасы қымбаттай ма?

09.04.2026 11:51 Әсел Мұрат
Мораторий аяқталды: Бензин бағасы қымбаттай ма?
235
Фото: ашық дереккөз

Сенат кулуарында энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов мораторий аяқталған соң бензин бағасы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Вице-министрдің айтуынша, жанар-жағармай саласында баға нарықтық жолмен қалыптасады. Қазіргі уақытта энергетика министрлігі бағаларды реттеп отырған жоқ. Бәрі нарық жағдайында – сұраныс пен ұсынысқа қарай реттеліп жатыр.

«Бағалар өзгеріп жатқан жоқ. Бірінші кезекте, баға сұраныс пен ұсыныс жағдайына қарай құрылады. Елде 600 мың тоннаға жуық бензин мен 600 мың тонна дизель отыны бар. Қазір елде жанармай тапшылығы жоқ. Ал тапшылық болмаса, жанар-жағармайдың бағасы да көтерілмейді», – деді Санжар Жаркешов.

Ол уәкілетті органдар бұл нарықтағы жағдайды үнемі бақылап отыратынын айтты.

«Осы орайда бензин мен дизель отынына бағаның негізсіз әрі күрт өсуіне жол берілмейді», – деді вице-министр.

Былтыр 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілген еді. Оның күші биыл 1 сәуірде жойылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий