Мұхамеджан Тазабек қоғамдағы азғындық туралы жазба жариялады

Мұхамеджан Тазабек қоғамдағы азғындық туралы жазба жариялады
03.08.2025 18:39
0
133

Айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек өзінің Facebook парақшасында «Жын» тақырыбында жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.Kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақын қоғамдағы азғындық, адам бойындағы орынсыз қылықтар мен рухани құндылықтардың әлсіреуі жайында ой бөлісті. Ол жазбасында адамның ең үлкен сынағы – шайтан мен нәпсі емес, Алладан алыстау екенін айтты.

«Шайтан да, нәпсі де адам баласы үшін сынақ. Шайтан – ата жау, нәпсі қолданар құралы. Алла әр нәрсені хикметпен жаратқан. Пенде үшін негізгі проблема олар емес. Негізгі проблема – Алладан алыстау, Оның панасынан шығып қалу… Алла пана болса, қырық жыл қырғыннан да аман шығасың», – деп жазды ол.

Мұхамеджан Тазабек қоғамдағы моральдық құндылықтардың әлсіреуіне тоқталып, адам санасының өзгеруіне әркімнің өзі жауапты екенін атап өтті.

«Ешкімді кіналап, ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Есігің ашық тұрса, көршіңді ұры тұтқаннан не пайда, қазаннан қақпақ кетсе, итті қуалағаннан не пайда…» – деді ақын.

Жазбасын ол халық арасында айтылатын «Жын да бейімдіні ұрады…» деген мақалмен түйіндеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий