«Мұрын жасатуға 3 ай кетеді»: Дариға Бадықова бет-әлпетін өзгерткісі келмейді
Актриса Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында дене бітіміне тиісіп, өзін сынайтындарға қарсы жауап берді.
Жаңа дәуірдің балалары болған соң, олардың түсінігі бөлек. Маған «2 миллиард жинаған актрисасың ғой, ерніңді, көзіңді, қасыңды жасатпайсың ба?» деп жиі айтады. Енді бойжеткен қыз болғаннан кейін олардың өмір сүру әдісіне сыйластықпен қарау керек. Бірақ мен өзім өзгеруге қорқады екенмін. Мұрын жасатуға 3 ай кетеді екен. «Актрисалардың ішіндегі былай жүретін адамсың ғой» дейді маған. Менің былай жүрмей-ақ көзге түсіп қала беретін әдетім бар. Сондықтан ойбай мен көрінуім керек деп тырыспаймын да, қысылмаймын да. Бір жерге баратын болсам да қоразға ұқсап киінгім келмейді. Менде бәрі талғаммен, – деп жауап берді актриса.Еске сала кетсек, ол бұған дейін өзінің арзан дүниелерді менсінбейтінін, тек қымбат дүние алатынын айтқан еді.
Менің табиғатым элегантностты қалайды. Көзге көрініп тұратын киім, арзан шаш үлгісі, әшекей етіп тағатын сырға дегендерді қаламайды екен. Жандүнием арзан нәрселерді менсінбеді. «Менсінбеймін, болды» деді. Бұл – менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар, қайдасыздар? – дегенді де айтқан осы Дариға Бадықова.Фото: Caravan.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...