Мусин кәсібін Құлыбаевтарға сатып жіберді

04.06.2026 10:45 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Мусин кәсібін Құлыбаевтарға сатып жіберді
192
Фото: gov.kz

Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі Halyk Bank бұрынғы цифрлық даму министрі әрі қазіргі «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусинге тиесілі «Comrun» IT-компаниясының 100 пайыз акциясын өз иелігіне өткізді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Қаржылық есептілік депозитарийіне жолданған құжаттарға сәйкес осы мәміледен кейін ірі қаржы ұйымының меншігіндегі активтер саны 17-ге жетіп отыр. Нарықта «reKassa» онлайн касса аппараты мен бизнесті басқару қызметтерін ұсынумен танылған бұл компанияны банк нақты қанша қаражатқа сатып алғаны әзірге белгісіз.

Негізі қос тарап 2025 жылы өзара стратегиялық әріптестік орнатып, күзде POS-терминал мен онлайн-кассаны бір құрылғыға біріктірген жаңа өнімін нарыққа шығарған еді.

Adata жүйесіндегі ақпаратқа сүйенсек Comrun серіктестігі кәсіпкер Данияр Асанов пен Beintech Kazakhstan компаниясына қарайды. Ал Астана халықаралық қаржы орталығында 2025 жылдың қараша айында тіркелген бұл ұйымның негізгі құрылтайшысы Бағдат Мусин болғанымен, қазіргі уақытта актив Әлия Кенжебекованың сенімгерлік басқаруына табысталған.

Еске сала кетейік 2020 және 2024 жылдар аралығында министрлік тізгінін ұстаған топ-менеджер кейіннен «Қазақтелеком» компаниясының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий