«Мына әлемді жақсарта түсемін» деп армандаңыздар. Мұраттарыңызға жетесіздер – Тоқаев 

30.01.2026 13:06 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Мына әлемді жақсарта түсемін» деп армандаңыздар. Мұраттарыңызға жетесіздер – Тоқаев 
172
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Президент Конституцияға ұсынылған түзетулердің ішінде жауапты әрі жасампаз отаншылдық туралы идея бар екенін айтты. 

«Отаншыл азамат дегеніміз – жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат. Мен еліміздегі әрбір еріктіні – баршаңызды дәл осындай нағыз отаншыл азаматтар деп санаймын. Жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясы әрбір волонтердің жанына жақын. Менің бұған еш күмәнім жоқ», - Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір азамат өзінің және қоғамның игілігі жолында күнделікті адал еңбек етіп, әлемді жақсарта түсуге ұмтылуға тиіс. 

«Танымал қоғам қайраткері пастор Мартин Лютер Кинг «I have a dream», яғни «Менің де арманым бар» деген еді. Сондықтан «мына әлемді жақсарта түсемін» деп армандаңыздар. Мұраттарыңызға жетесіздер деп ойлаймын»», - деді президент.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий