Мырзағали Айтжанов пен командасы қызметінен босатылды
Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды politico.kz.Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды. Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз: 1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. 2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады. Фото: Сали Сабиров
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
17:09
«Тісін сындырып, шашын қиған»: Ақтауда күйеуіне...
21.10.2026
17:07
Зеленский соғысты тоқтату үшін жерінен бас тарт...
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...