"Нәжіс жегізген": Қарқаралыда асырап алған алты баланы азаптаған отбасы сотталуда
Қарағандыда асырап алған алты баланы бес жыл бойы қатыгездікпен азаптаған қарқаралылық отбасыға қатысты сот үкімі оқылуға жақын, деп хабарлайды Politico.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ауыл мектебінің директоры мен оның әйелі қамқорлыққа алған жетім балаларды ең ауыр жұмыстарға жегіп, сәл қателіктері үшін ауыр жазалап отырған. Жәбірленушілердің сөзіне қарағанда, отағасының әйелі мен қызы оларды үнемі көсеумен ұрып, үстеріне қайнаған су құйған және ит күркесінде ұйықтауға мәжбүрлеген. Бес жылға созылған қорлықтың салдарынан сарапшылар кейбір балалардың денесінен 19 бен 47 аралығында тыртық анықтаған, ал бір жасөспірім мүгедек болып, енді бірі психикалық ауруға шалдыққан.
Одан бөлек отағасы мемлекеттен балаларға бөлінген қаражатты букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсап келгені тергеу барысында белгілі болды. Осы әрекеттері үшін мемлекеттік айыптаушы ер адамды 12 жылға, оның әйелін 10 жылға, ал қызын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды талап етті. Сонымен қатар прокурор әрбір жәбірленуші балаға 10 млн теңгеден моральдық шығын өндіріп беруді сұрап отыр.
«Негізінен суға пісірілген макаронмен тамақтанды. Басқа тамақ бермеген. Үнемі ұрсып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Тамақтарына жануарлардың нәжісін қосып жегізіп, лас суды жалатуға мәжбүрлеген. Киім сатып алмай, Исабаевтардың ескі киімдерін кигізген», – деді мемлекеттік айыптаушы Жанқуат Ахмедин.
Соңғы жаңалықтар