"Өнерден кетемін": "Қойшы бала" Жігер Ауыпбаевқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Көпшілікке Жігер Ауыпбаевтың шәкірті ретінде танылған әнші Айдос Кәден ел күтпеген мәлімдеме жасады. "Қойшы бала" желідегі суретінің астына өзі пікір қалдырып, өнерден кететінін айтты.
Жақында Жігер Ауыпбаевпен жұмысын тоқтатқан әнші өзіне айтылған сыни пікірлерге алғаш рет жауап берді. Ол TikTok желісіндегі парақшасына суретін жүктеп, астына пікір қалдырды.
"Бұйырса, ағайын. Өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қателігім – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жігер Ауыпбаевтың өзі продюсерлік еткен "Қойшы баламен" мүлде араласпай кеткені белгілі болды. Көп ұзамай "Қойшы бала" жұртқа жаңа продюсерін таныстырды. Артынша отандық эстрада жұлдызы Айдос Кәденді "су ішкен құдығына түкірмеуге" шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды