«Нихр*на не сделала»: Ауыл әкімі дөрекі сөзі үшін сөгіс алды

14.02.2026 14:56 Арман Ермеков
«Нихр*на не сделала»: Ауыл әкімі дөрекі сөзі үшін сөгіс алды
188
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында өткен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік қызметшілердің қылығы талқыланып, нәтижесінде ауыл әкімі мен басқарма басшысына тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Кеңес мүшелері Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округінің әкімі Арман Жұмағалиевтің ісін қарады. Оның үстінен ауыл тұрғыны шағым түсіріп, дәлел ретінде WhatsApp мессенджеріндегі жазбалар мен дыбыстық хабарламаларды ұсынған. Анықталғандай, әкім тұрғынға жіберген аудиожазбасында «дым бітірмеді» («нихрена не сделала») деп дөрекілік танытқан.

Тексеру қорытындысымен кеңес мүшелері шенеунікке сөгіс түріндегі тәртіптік жаза беру туралы шешім қабылдады. Алайда Арман Жұмағалиев бұл шешіммен келіспейтінін білдіріп, өз құқығын қорғау үшін сотқа шағымданатынын мәлімдеді.

Отырыста тағы бір лауазымды тұлғаның ісі қаралды. БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Әлібек Антазиев қызметкерімен сөйлесу барысында әдеп нормаларын сақтамағаны үшін оған ескерту түріндегі жаза қолдану ұсынылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий