“Нұр ағаның батасы ерекше қуантты”: Мұхаммеджан Тазабек туған күнінде кімдер құттықтағанын айтып мақтанды

“Нұр ағаның батасы ерекше қуантты”: Мұхаммеджан Тазабек туған күнінде кімдер құттықтағанын айтып мақтанды
04.07.2025 16:49
0
181
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі қоғам қайраткері, ақын әрі публицист Мұхаммеджан Тазабек 50 жасқа толды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Бұған дейін туған күнін кең көлемде атап өтуді қажет деп санамаған ол, бұл жолы "ердің жасы" болғандықтан, мерейтойға ерекше мән бергенін айтты. 

«Аллаға шүкір, бүгін сол биікке жеттім. Жарты ғасырлық өмірден түйгенімді “Енді айтуға болады” атты кітабымда баяндадым», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мерейтой иесін құттықтағандардың қатарында қоғам, мәдениет өкілдері, облыс әкімдері және ел ағалары бар. Таңертеңнен бастап келіп түскен лебіздердің ішінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің жылы лебізін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та ақынға ақжарма тілегін арнап, шығармашылығына қолдау білдіріп, өңірдің рухани дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы да Мұхаммеджан Тазабекке жеткен. Ол бұл хаттың өзі үшін аса қымбат екенін айтып, Елбасының ақ батасы мен жүрекжарды тілегі көңілін толқытқанын жасырмады.

Сонымен қатар, Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қор да арнайы құттықтау жолдап, ізгі тілектерін білдірді.

«Маған не тілесеңіздер, Алла сіздерге еселеп қайтарсын», – деп түйіндеді Мұхаммеджан Тазабек өз алғысын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий