Нұрлан Өнербаевтың «қызы» жазған self-help кітап бестселлерге айналды
Жазушы Жәмиля Бақытиярқызы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында жаңа кітабы «Бәйшешек» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Автордың айтуынша, кітап – мотивациялық self-help жанрында жазылған. Онда адамның өзіне қолдау көрсетуі, өмірді бағалауы және мотивация табуы туралы айтылады. Шығарма автордың өз өміріне негізделген: Жәмиля 10 жыл бойы неврология дертімен күресіп, жеңіске жеткен.
Кітап екі айда дайындалып, кейін 8 тілге аударылған. Сондай-ақ, екінші кітабы «Қарлығаш. Махаббат ескерткіші» таныстырылымында Дулат Исабековтің кеңесі авторға ерекше әсер еткен.
Бағдарлама барысында Жәмиля танымал әнші Нұрлан Өнербаевқа туыстығы туралы айтып өтті: ол өзінің екінші әкесі екенін, алғысөздегі ақ батаның да оған арналғанын жеткізді.
Жазушы қазіргі жастардың кітапқа қызығушылығы бар екенін, тек технология дамуы оқырман санын сәл азайтқанын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
00:31
«Ауылыңа кет»: Алматыда қазақша жазғаны үшін жұ...
05.11.2026
23:16
Дастан Сәтбаевқа қатысты «Бернли» бапкері жағым...
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ