Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне үкім шықты
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльді сот төрелігіне кедергі келтірді деген іс бойынша бес жылға түрмеге қамау жөнінде үкім шығарды.
Хабарламада оны ресми құжаттарды қолдан жасағаны және әскери жағдай енгізу үшін қажетті заңдық рәсімдерді сақтамағаны үшін де кінәлі деп танығаны айтылған.
Бұған дейін, 13 қаңтарда Yonhap прокуратураның Юн Сок Ёльге өлім жазасын сұрағанын хабарлаған еді.
Юн Сок Ёль 2025 жылғы 15 қаңтарда сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды.
Ал сәуір айында конституциялық сот импичмент жариялап, ресми түрде Юн Сок Ёльді қызметінен босатты.
Айта кетейік, Юн Сок Ёль – Оңтүстік Корея тарихында қамауға алынған алғашқы мемлекет басшысы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады