Оқу керек. Әйтпесе, зейнетке шыққанда, ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар – Тоқаев
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлерге «оқыңыздар!» деп бірнеше мәрте ескерту жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
«Жазалаушы менталитеттен арылатын кез келді. Салық органдары мен салық төлеушілер арасында серіктестік және өзара сенім қағидаты орнығуға тиіс. Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын жолға қою керек. Мұндай серіктестік әділдікке, өзара тиімділікке, тіпті экономиканы дамытудың маңызын түсіну тұрғысынан алғанда жауапкершілікке құрылуға тиіс деп ойлаймын. Бұл жөнінде жақында «Turkistan» газетіне берген сұхбатымда айттым. Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді.
Президент шенеуніктерге зейнетке шыққанда ойлау қабілетінін айырылып қалмау үшін құжаттарды мұқият оқуға кеңес берді.
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады. Интернет ұзақ мәтіндерді оқудан алыстатты. Оның үстіне кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнын тыңдай салатын мүмкіндік пайда болды. Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет. Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде, ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар», - деді.
Соңғы жаңалықтар