Оралда тоққа соғылған бала көз жұмды
Бала 95% денесін күйік шалып, 2 күн жансақтау бөлімінде жатты
Оралда тоққа соғылған бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы оқиға 30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі №82 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала допты алу үшін электр подстанциясының төбесіне шыққан. Сол жерде оны ток соққан.
Бала денесінің 95 пайызын ауыр күйік (төртінші дәрежелі) шалып, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Ол екі тәулік бойы жансақтау бөлімінде, өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы жатқан. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған еді. 2 мамыр күні баланың қайтыс болғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.10.2026
10:11
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесімен түск...
22.10.2026
10:08
Қазақстанға кіру үшін енгізілетін жаңа рұқсат ...
22.10.2026
09:51
Трамп Украинадағы соғыстың аяқталуы жақындағаны...
22.10.2026
09:18
Украинадағы соғыс аймағынан 13 қазақстандық елг...
22.10.2026
08:41
Бұрынғы күйеуі жақындарын өлтірген Ақбаян Мұқан...
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...