"Өшір деп айтады": Жазира Байырбекова отбасына қатысты қызықты жайтты айтты
441
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова қызы туралы қызықты жайтты айтып берді. Өнер иесі перзенті басқа әншілердің әндерін тыңдағысы келмейтінін жеткізді.
Жазира Байырбекова қызының балабақшасында болған қызықты оқиғаны "Төрелетіңіз" бағдарламасында айтқан.
Эстрада жұлдызының сөзінше, перзенті анасынан басқа әншілердің бесік жырын мүлдем тыңдағысы келмейді. Ол тіпті өзге өнер иесінің туындысы қойылған бойда тәрбиешілеріне өшіруін өтінеді екен.
"Балабақшаларда балаларды бесік жырын қойып ұйықтатады екен. Кейін менің әнім бітіп, басқа әншілердің туындылары қосылғанда Дара ұйықтамай, орнынан атып тұрып "Өшір, өшір" деп айтады екен. Оны апайы айтып жатыр. Сосын мен қызыма "Дара, менен басқа да әншілер ән айтады. Сен олай айтпа, ұят болады" дедім. Басқа әншілердің бесік жыры қойылса, өшір деп салады", - деді Байырбекова.
Соңғы жаңалықтар
24.07.2026
09:49
Лондондағы элитті қонақүйден Сауд Арабиясы ханз...
24.07.2026
09:20
Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды
23.07.2026
23:13
Айыппұлға ренжіген зейнеткер полицейлердің көлі...
23.07.2026
22:30
Wildberries-тегі шабуылдар қазақстандық кәсіпке...
23.07.2026
21:45
Ақберен Елгезек: Мен өлімнен қорықпаймын, Аллағ...
23.07.2026
21:30
Рудныйда пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар...