Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: адам шығыны бар

Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: адам шығыны бар
Фото: видеодан скрин

Қостанайда Volkswagen Passat көлігі мен №10 бағыттағы автобус соқтығысып, жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды. Оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жол апаты 25 қазан күні кешке Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған.

Қостанай полициясының мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы талабын елемей, қозғалысын жалғастырған. Кейін ол қиылыста бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, автобуспен соқтығысқан.

Volkswagen жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған жолаушы ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу