Өскеменде әскердегі сарбаз жоғалып кетті
Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы әскери полиция бөлімі мәлім етті.
«2026 жылы 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында 2004 жылы 31 наурызда туған қатардағы Айқын Мархан тәуліктік наряд құрамында зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы бойынша кезекші көмекшісі (күндізгі кезекші) міндетін атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. Өзінде қару болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлім аумағынан әскери киім үлгісінде шығып кеткен, кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін», - делінген әскери полиция хабарламасында.

Оның бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі – орташа, көзі мен шашы – қара, шашы – қысқа, бетінде меңдері бар.
Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан азаматтарынан әскери қызметшінің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда хабарлауды сұрайды.
Берілген ақпараттың құпиялылығы сақталады. Іздестіру іс-шаралары Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасы бақылауында.
Сенім телефондары:
8 (7232) 62-34-15
8 705 508 39 39
8 775 553 53 35
Соңғы жаңалықтар