“Өзін атты”: Полигонда жас сарбаз жарақат алды
Алматы облысында Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі оқу-жаттығу кезінде оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Politico.kz
Оқиға 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінің оқу полигонында, жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілген атыс барысында болған.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың екінші шақырылымымен әскерге алынған сарбаз қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан АК-74 қаруынан сол аяғын жанай жаралаған.
Әскери қызметшіге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, өміріне қауіп төндіретін жарақаттар анықталмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс басталды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды