Париж-2024: күміс жүлде алған «киллер» танымалдығы туралы сыр шертті
819
Париж Олимпиадасында күміс жүлде иеленген түркиялық 51 жастағы атқыш Юсуф Дикеч желіде талқыға түсті. Ол не себепті өзгелер сияқты арнаулы киімсіз және шуды естіртпейтін құлаққап пен арнаулы көзілдірік тақпағанын айтып берді, деп хабарлады politico.kz Сhampionat.kz-ке сілтеме жасап.
Юсуф Дикеч – бұрынғы әскери қызметкер. Ол жарысқа арнаулы спорттық құрал-жабдықтарды, құлаққаптарды пайдаланбай, кәдімгі көзілдірікпен шықты. Оның қолын қалтасына салып, жайбарақат тұрғаны көпті күлдірді. Тіпті, диваннан тұрып, жастарға сабақ көрсетуге келген әкемен немесе фильмдердегі киллермен салыстыра бастады.
Бұл – өзімді ең жайлы сезінетін және денемді ең тұрақты ұстай алатын позиция. Сыртқа сабырлы болып көрінгеніммен, ішім алай-дүлей болып жатты. Бұл желіде сонша таралып кетеді деп ойламаған едім. Жеңіске жеткен досым, алтын жүлде иегері «Мен бірінші орын алдым, бірақ бәрінің аузында сенсің» деп күлді, – дейді мерген.Юсуф Дикеч 1973 жылы 1 қаңтарда Гексун қаласында дүниеге келген. Ұзақ уақыт Түркия Қарулы Күштері Жандармерия бас қолбасшылығында қызмет атқарып, аға сержант шенімен зейнетке шыққан. Бұдан бұрын Дикеч жарыстарға әскери адам ретінде шыққан. 2006 жылы ол әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 25 метрге оқ ату бойынша әлемдік рекордты жаңартты. 2013 жылы Жерорта теңізі ойындарында алтын мен күміс алды. Юсуф Дикеч өзінің алғашқы Олимпиадасына 2008 жылы барған. Содан бері ол 5 ойынға қатысты. Фото: europop.ge
Соңғы жаңалықтар
31.07.2026
00:35
Марқұм фельдшер Ұлдананың анасы күйеу баласының...
30.07.2026
23:13
КҚК-ға жасалған шабуылдан кейін Энергетика мини...
30.07.2026
22:00
Маңғыстауда көпбалалы отбасы жантүршігерлік жол...
30.07.2026
21:34
«Туды атқа жабу ретінде пайдаланды». Адвокат бл...
30.07.2026
21:15
Продюсер: Бұрын қыздар тобы бай "ағашкалар" үші...
30.07.2026
20:59
Өскемен әкімінің үстінен сотқа арыз түсті