Павлодар облысында ұшақ құлады
Павлодар облысының Железинка ауылы маңында авиациялық-химиялық жұмыстар атқарып жүрген Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде қатты зақымдалған әуе кемесінің суреттері тараған соң, Көлік министрлігі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Ведомство бізге берген ақпаратқа сәйкес, бүгін «ЭЛИСА» әуе компаниясына тиесілі ұшақ жоғары вольтты электр беру желілеріне тиіп кеткен болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірінші ұшқышты ұшақтан аман-есен алып шыққанымен, екінші ұшқыш оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері апат болған жерге аттанып, арнайы тергеу амалдарын бастады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды