Павлодарда 3 жасар қыз көзіне қайшы тығып алған
Павлодар облыстық балалар ауруханасына ауыр көз жарақатымен үш жасар қыз бала шұғыл түрде жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бала абайсызда сәтте қайшыны көзіне сұғып алған. Бастапқыда ата-анасы жарақаттың қаншалықты қауіпті екенін бірден аңғармаған. Алайда көздің қатты қызаруы, жас ағуы және жарыққа сезімталдықтың күшеюі дәрігерлерге жедел жүгінуге себеп болған.
Медициналық тексеру барысында диагноздың аса ауыр екені анықталды. Дәрігерлер көздің қасаң қабығы тесіліп, ішкі қабықтарының сыртқа шыққанын байқаған. Офтальмолог дәрігерлер баланы шұғыл түрде операция бөлмесіне жеткізді.
Мамандар жыртылған қасаң қабықты тігіп, көздің анатомиялық тұтастығын қалпына келтіру үшін аса күрделі микрохирургиялық операция жасады. Отта сәтті аяқталды.
Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері көзді сақтап қана қоймай, баланың көру қабілетін де аман алып қалды.
Қазіргі уақытта бала үйіне шығарылып, амбулаториялық бақылауға алынды.
Соңғы жаңалықтар