Павлодарда әкесі үш жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Павлодарда әкесі үш жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Павлодар облысының Тереңкөл ауданында үш жасар қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды павлодарлық «Наша Жизнь» ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 қыркүйекке қараған түні аудандық аурухананың қабылдау бөліміне үш жасар бала аса ауыр халде түскен. Дәрігерлер оның бас сүйегінің шүйде сүйегінің жабық сынығын, қас үсті аймағының жарақатын, денесінің жұмсақ тіндерінің көптеген жарақаттары мен қанталауларын анықтады.

«Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. Баланың қайтыс болғаны тіркелді», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынша, аталған қылмысты жасады деген күдікпен қыздың әкесі ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Бала өліміне қатысты ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу