Перизат Қайрат 10 жылға сотталды

Перизат Қайрат 10 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бүгін, 25 шілдеде, сағат 15:00-де Астана соты Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды. 

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушылар Перизат Қайратты 10, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұрады.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы 10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды да талап етті. 
Перизат Қайрат пен оның анасы қайырымдылық қорына түскен 3,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу