Президент алдағы үш жылға арналған бюджетті бекітті: Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылға арналған ел қазынасын бөлу тәртібін айқындайтын маңызды құжаттарды рәсімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Президент бірден екі заңға қол қойды. Олар – «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңдар. Жаңа құжатқа сәйкес, 2026 жылдан бастап халықтың әлеуметтік жағдайына әсер ететін басты қаржылық көрсеткіштер жаңартылды.
- Мәселен, Айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеге дейін көтеріледі (2025 жылы 3 932 теңге)
- Ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге жетсе (2025 жылы 62 771 теңге), мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 35 596 теңге болып бекітілді (2025 жылы 32 360 теңге).
- Ал күнкөріс деңгейі 50 851 теңге межесінде белгіленіп отыр (2025 жылы 46 228 теңге).
- Дегенмен, барлық көрсеткіш бірдей өскен жоқ. Көпшілікті мазалайтын ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз, 85 000 теңге деңгейінде сақталып қалды.
Құжаттағы тағы бір назар аударарлық тұс – бюджет шығысының ауқымы. Бекітілген жоспарға сай, мемлекеттік шығыстар жыл сайын шамамен 1 триллион теңгеге ұлғайып отырмақ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...