Президент дәрігерлерге шабуыл үшін жазаны қатаңдатады
Мемлекет басшысы дәрігерлерді қорғауды күшейтті
ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдегендей, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды.
Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.
Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды