Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кездесу барысында Қорғаныс министрі армияның жауынгерлік дайындығы, әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әскери инфрақұрылымды дамыту және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы есеп берді.
Президент армияның жауынгерлік әлеуетін арттыру, басқару жүйелерін цифрландыру, Арнайы операциялар күштерін дамыту, сондай-ақ әскердегі әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту Қарулы Күштердің басты міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ, әскери инфрақұрылымды дамыту және әскерді заманауи технологиялармен жабдықтау жұмыстары жалғасатынын айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады