Президент Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Президент Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады
Нұрғали Жұмағазы

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу