Президенттің өкімімен Мемлекеттік қызметте жаңа тағайындаулар жасалды

Президенттің өкімімен Мемлекеттік қызметте жаңа тағайындаулар жасалды
Ақорда
Мемлекеттік басқару академиясында жаңа ректор тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мемлекет басшысының басқа өкімдерімен:

Азамат Сағатұлы Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жаңа тағайындаулар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған кадрлық өзгерістердің бір бөлігі ретінде қабылдануда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу