Путин Медведевті отан алдындағы еңбегі үшін орденмен марапаттады
1010
Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, экс-президент Дмитрий Медведевті IV дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденімен марапаттады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жексенбі күні ресми құқықтық актілер порталында жарияланған жарлықта марапаттаудың себебі «Ресей мемлекеттілігін нығайтуға және Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін» деп көрсетілген.

Дмитрий Медведев 2008-2012 жылдары Ресей Федерациясының президенті болған. Қазіргі уақытта ол Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
14 қыркүйекте Медведев 60 жасқа толады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
12:09
«Жұрт тараған соң жалғыз қалды»: Майғазиевтің ...
15.10.2026
11:45
Танымал қазақ жазушысы, журналист өмірден өтті
15.10.2026
11:45
«Қол қоятын құжатты оқу керек»: СІМ Ресейдегі қ...
15.10.2026
11:42
Әйелін өлтірген жиеніне кешірім берді: 15 жаста...
15.10.2026
11:31
6 ай күтудің қажеті жоқ: «Отбасы банк» пәтер ал...
15.10.2026
11:08
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге көтеріледі