Путин жарлығы: Украинадағы соғысқа қатысқан байқоңырлықтарға Ресейден баспана беріледі

Путин жарлығы: Украинадағы соғысқа қатысқан байқоңырлықтарға Ресейден баспана беріледі
21.08.2025 13:16
0
1380
Сурет: kremlin.ru

ПУТИН БАЙҚОҢЫР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.

Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр қаласының тұрғындарына қатысты жаңа жарлыққа қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес, Украинадағы «арнайы әскери операцияға»(СВО) қатысқан Ресей азаматтары мен олардың отбасылары Ресей аумағынан баспана алу үшін берілетін тұрғын үй субсидиясын кезектен тыс алу құқығына ие болды.

Жарлықта көрсетілгендей, бұл жеңілдікке Байқоңырдағы билік органдарында, муниципалды мекемелерде немесе зымыран-ғарыш саласы кәсіпорындарында жұмыс істейтін немесе бұрын істеген, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысқан Ресей азаматтары ие болады. Басқаша айтқанда, бұл санаттағы байқоңырлықтар енді Ресейден баспана алуға арналған әлеуметтік төлемдерді басым тәртіппен ала алады.

Ресми құжатта:

«Президент Жарлығымен «Байқоңыр» кешенінен көшірілуі тиіс арнайы әскери операцияға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері тиісті әлеуметтік төлемдерді кезектен тыс ала алады», – деп жазылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий