Путиннің отбасылық досымен байланысты компания Қазақстанда ірі дәрі зауытын салмақ

02.01.2026 11:40 Арман Ермеков Арман Ермеков
Путиннің отбасылық досымен байланысты компания Қазақстанда ірі дәрі зауытын салмақ
0
275
Фото: pixabay.com

Алматы іргесінде құны 103 миллиард теңге болатын ірі фармацевтикалық кешен бой көтереді, деп хабарлайды Orda.kz басылымы.

«Алатау» арнайы экономикалық аймағында жаңа биофармацевтикалық зауыттың құрылысы жоспарланып отыр. Жоба отандық нарықты дәрі-дәрмекпен қамтып, импортқа тәуелділікті азайтуды көздейді.

Кешен құрылысымен «Khan Tengri Biopharma» ЖШС компаниясы айналысады. Кәсіпорын өндіріске 58 түрлі препарат түрін енгізуді мақсат еткен. Олардың қатарында онкологиялық, аутоиммундық, қабынуға қарсы және сирек кездесетін дерттерді емдеуге арналған препараттар бар. Шығарылатын өнімнің 27 халықаралық патенттелмеген атаулар тізіміне кіреді. Дайын өнімнің бір бөлігін Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және Таяу Шығыс елдеріне экспорттау көзделген.

Үкімет бұл жобаны жүзеге асыру еліміздің фармацевтика саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие және локализацияны кеңейтуге, орнықты өндірістік базаны қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар препараттардың импортын кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталғанын хабарлайды.

Айта кетерлігі, артықшылыққа ие болған фирма 2025 жылдың наурыз айында ғана тіркелген. Оның құрылтайшыларының қатарында ресейлік «Р-Фарм» компаниясы бар екені белгілі болды. Бұл ұйым батыс елдерінің санкциясына іліккен кәсіпкер Алексей Репикпен байланыстырылады. Ресейлік зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, Репик Владимир Путиннің отбасымен жақын қарым-қатынастағы тұлға саналады. Осы орайда сала сарапшылары мұндай келісімдерге қатысушыларды іріктеу процесінің ашықтығына қатысты күмәнді ойларын білдіруде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий