Қадыров биліктен шаршағанын айтып, шешімді Путинге қалдырды

15.12.2025 06:12 Арман Ермеков Арман Ермеков
Қадыров биліктен шаршағанын айтып, шешімді Путинге қалдырды
0
500
Фото: RKadyrov_95

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров билік тізгінін ұстаудан және басшылық қызметтен жалыққанын ашық мәлімдеді. Алайда ол саяси аренадан кетуге асығар емес. Егер Кремльден арнайы ұсыныс түссе, ол алдағы сайлауға қайта түсуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Телеарнада өткен тікелей байланыс кезінде аймақ басшысы өз қызметіне қатысты көкейінде жүрген ойларын бүкпей айтты. 2026 жылы өтетін сайлауда қайта бақ сынайсыз ба деген сұраққа ол күтпеген жерден жауап қатты.

«Егер менен сұрасаңыз, мен бұл билікке де, халыққа қызмет етуге де әбден тойдым. Меніңше, билікке жаңа күштер, жаңа адамдар келсе әлдеқайда қызық болар еді. Өзге адамдар келсе, жағдай жақсарып, өнімді жұмыс болар ма еді деп ойлаймын», – деді Қадыров.

Дегенмен, шешен лидері түпкілікті шешімді өзі қабылдамайтынын аңғартты. Оның сөзінше, егер Ресей президенті Владимир Путин ұсыныс жасап, ал халық қолдау білдірсе, ол сайлау додасына түсуден бас тартпайды. Сонымен қатар, ол қандай жағдай болмасын, өмірінің соңына дейін халыққа қызмет ету жолынан тайынбайтынын айтты.

Айта кетейік, Рамзан Қадыров аймақ басшылығына сонау 2007 жылдың 5 сәуірінде келген болатын. Бүгінде ол – Ресей Федерациясындағы өз қызметінде ең ұзақ отырған өңір басшысы. Соңғы рет 2021 жылдың қыркүйегінде өткен сайлау науқанында сайлаушылардың 94,42 пайызы дауыс беруге қатысып, Қадыров рекордтық 99,7 пайыз дауыспен жеңіске жеткен еді. Оның қазіргі өкілеттік мерзімі 2026 жылы аяқталады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий