“Қайрат” футбол клубы 2024 жылғы ел чемпионы атанды
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы (ҚПЛ) командалары арасында өткен ел чемпионаты аяқталды. Алматылық «Қайрат» араға 3 жыл салып алтын медаль иегері атанды.
Шешуші ойында «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен жеңіп, чемпиондықты иеленді. Қонақтар құрамындағы маңызды голды 59-минутта грузиялық легионер Григорий Зария 11 метрлік айып добынан соқты. Бұл айып добы бразилиялық Жоао Паулоны шалып құлатқаны үшін берілген болатын.
Осылайша алматылық команда 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.
Күміс медальді қатарынан екінші жыл елордалық «Астана» жеңіп алды. Григорий Бабаянның командасы соңғы 26-турда «Жетісуды» 5:0 есебімен ойсырата ұтты.
Қола медальді ҚПЛ-2024 маусымында «Ақтөбе» футболшылары иеленді. Олар маусымның соңғы матчында Түркістан облысының «Тұран» командасын 2:0 есебімен жеңді.
Былтырғы ел чемпионы «Ордабасы» бұл маусымда чемпиондық атағынан айрылып, турнирлік кестеде 4-орында қалды. Соңғы ойында олар «Елімайдан» 2:1 есебімен басым түсті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды