Қамауда отырған Санжар Боқаев босатылмайтын болды
741
Алматы қалалық соты қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасына жасалған шағымды қарап, оны қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов айтты.
Бұған дейін Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылған еді. Қорғаушы тараптың апелляциялық шағымын қалалық сот қанағаттандырмады.
«2026 жылдың 21 мамырында Алматы қалалық соты біздің апелляциялық шағымымызды қанағаттандырусыз қалдырды. Сот тергеу сотының қорғауымыздағы Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды», – деді Радмир Утепов.
Еске салсақ, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында Алматыда ұсталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
00:32
Әнші Анатолий Цой шаңырақ көтерді
22.07.2026
00:20
«Еркектердің тестостероны түскен заман болды». ...
21.07.2026
23:51
"4-5 қызбен сөйлескенімді жасырмаймын". Жігер А...
21.07.2026
23:20
"Үйден ине мен зираттың топырағын тауып алдым":...
21.07.2026
21:18
Мақсат Чаки: Қазақ, қырғыз, өзбек бірігіп ортақ...
21.07.2026
20:52
Қырғызстандық сарапшы: Көкпар мен көкбөріні бір...