Қапқа оралған мәйітті иыққа асып әкеткен: Алматыдағы сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды

12.10.2026 • 10:14 Әсел МҰРАТ
Қапқа  оралған мәйітті иыққа асып әкеткен: Алматыдағы сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды
214
Фото: видеодан скрин

Алматыда 60-тан асқан қарияны айуандықпен өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде екі азаматтың зейнеткерді өлтіріп, басына қара қап кигізген күйі иығына салып алып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Қорқынышты жайтты көрген көршілері бірден тәртіп сақшыларына хабар берген.

Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми ақпарат таратты. Ведомствоның хабарлауынша, 61 жастағы қала тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен төрт адам қолға түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, олар марқұмның баспанасын алаяқтық жолмен тартып алуды көздеген болуы мүмкін.

Қазір күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Істің мән-жайын анықтау мақсатында ІІМ-нің білікті қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы жасақталды. Қылмыстың тергелуін ішкі істер министрі тікелей өз бақылауына алды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий