Қарағандыда ережесіз жекпе-жек турнирінде 18 жастағы жігіт комаға түсті (ВИДЕО)

20.02.2026 13:37 Әсел Мұрат
Қарағандыда ережесіз жекпе-жек турнирінде 18 жастағы жігіт комаға түсті (ВИДЕО)
135
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда өткен ережесіз жекпе-жек турнирінде 18 жастағы Арслан ауыр халде комаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Әпкесінің айтуынша, оған жекпе-жек кезінде тыйым салынған әдіс қолданлғаннан кейін жағдайы күрт нашарлаған.  

Алайда жаттықтырушы, төреші және федерация өкілдері жекпе-жекті тоқтатпаған. Арслан есінен танып қалған кезде медициналық қызметкерде жан сақтау жабдығы болмаған, ал ғимаратта жедел жәрдем де кезекшілік етпеген. Оны ауруханаға достары өздері жеткізген.

Дәрігерлер жас жігітке «миға қан кету, мидың ісінуі және 2-3 дәрежелі кома» диагнозын қойған. Туыстарының арызы екі күннен кейін қабылданған.

Қарағанды полиция департаменті тергеу жүргізіп, іс «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен қаралуда. Федерациядан отбасыға ешкім хабарласпаған.

Қазіргі уақытта Арслан өмір үшін күресуде. Жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий